Қостанайда тұрғындардың ет пен макароннан ұшынғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда тұрғындардың  ет пен макароннан  ұшынғаны анықталды

Қостанайда тұрғындардың ет пен макароннан ұшынғаны анықталды

Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауылында 53 адамның неден ұшынғаны анықталды. Стафилокок бактериясы осындағы асханада істейтін аспаздардан жұғыпты.   

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 285
Фото - Caravan.kz


Мектеп асханасынан түстенген 47 бала өздерін жайсыз сезініп, бірден ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы бастауыш сыныпта оқитын балалар. Бұлардан бөлек тағы алты мұғалімнің ауру жұқтырғаны анықталған. Дәрігерлер ұшынуға алтын түсті стафилокок бактериясы себеп болғанын айтады. Оны ет пен вермишелдің ішінен тауыпты. Ал ауру таратқан екі аспаздың ешқандай санитарлық кітапшасы болмай шыққан. Қазір асхана жабылып қылмыстық іс қозғалды.