Апатқа ұшыраған әскери ұшақ ұшқыштары жайлы қосымша деректер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған әскери ұшақ ұшқыштары жайлы қосымша деректер анықталды

Апатқа ұшыраған әскери ұшақ ұшқыштары жайлы қосымша деректер анықталды

Арнайы комиссия Алматы облысы аумағында құлаған СУ-27 әскери ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтайды. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінен хабарланды.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 798
Фото - Caravan.kz

"2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20.42 минутта оқу-дайындық ұшулары барысында СУ-27 (50) ұшағымен байланыс үзілді. Ұшақ экипажы — подполковник Е.Ж. Науанов және подполковник Д.И. Горбунов. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде ұшақтың құлаған жері анықталды. Ұшқыштарды іздестіру жалғасуда. Авиациялық оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Алматы облысында оқу-жаттығу барысында апатқа ұшыраған СУ-27 ұшағының ұшқыштары жайлы жаңа деректер белгілі болды. 

Экипаж мүшелері — подполковник Е.Ж. Науанов пен подполковник Д.И. Горбунов әзірге табылған жоқ.

ҚазАқпарат тілшісіне Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасынан хабарлағандай, ұшақты Е.Ж. Науанов басқарған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығу барысында СУ-27 ұшағымен арадағы байланыс үзілген. Іздестіру барысында ұшақтың құлаған орны анықталды.

Ұшқыштарды іздестіру жалғасуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Сейсенбі күні, 23 қыркүйекте Алматы облысында құлаған ұшақтағы ұшқыштардың есімдері анықталды. Бұл туралы Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасынан хабарлады. 

Сейсенбі күні, 23 қыркүйекте Алматы облысында құлаған ұшақтағы ұшқыштардың есімдері анықталды. Бұл туралы Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасынан хабарлады. 

Ұшақтағы экипаж мүшесі — подполковник Е.Ж. Науанов және подполковник Д.И. Горбунов.
Ұшқыштар әлі табылған жоқ.  

Еске сала кетейік, кеше, 23 қыркүйекте, сағат 23-00-де Талдықорған авиабазасынан СУ-27 әскери ұшағы радардан жоғалып кетті. Іздестіру барысында сағат түнгі бірлер шамасында ұшақ Көксу ауданынан табылды.
Іздестіруге ТЖ күштері мен полиция жұмылдырылды.

23 қыркүйекте сағат 23:00-де Талдықорған әуебазасының СУ-27 әскери ұшағы радардан жоғалып кетті. 

Апатқа ұшыраған ұшақ іздестіру барысында түнгі сағат бірде Көксу ауданындағы Жаңалық ауылынан 15 шақырым жерден табылды. 

Іздестіру жұмыстарына ТЖ күштері мен полиция жұмылдырылды.