Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мәлім етті.
Турнирге Қазақстан балуандарынан бөлек, Қытай, Әзербайжан, Қырғызстан, Грузия, Польша, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерінің құрамалары қатысады.
Жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша командалық сайыс түрінде өткізіледі.
Турнирдің жалпы жүлде қоры жүз мың АҚШ долларын қамтып отыр.
Жобаны «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, ҚР Қазақ күресі федерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Ал осы айтулы спорттық додаға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бас демеушілік етпек.
