Мұхтар Алтынбаев Су-27 ұшағының апатқа ұшырауына не сбеп болғаны туралы өз болжамын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Алтынбаев Су-27 ұшағының апатқа ұшырауына не сбеп болғаны туралы өз болжамын айтты

Мұхтар Алтынбаев Су-27 ұшағының апатқа ұшырауына не сбеп болғаны туралы өз болжамын айтты

Бұрынғы Қорғаныс министрі, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев Су-27 ұшағының апатқа ұшырауына бортта туындаған штаттан тыс жағдай түрткі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Ұшу құрамының дайындығына күмән келтіруге болмайды деп ойлаймын. Штаттан тыс жағдай орын алған болуы мүмкін», — деді ол сәрсенбі күні журналистерге.

Экс-министрдің пікірінше, Су-27 ұшағы – «сенімді машина». «Бұл осымен екінші рет қайталанып отыр. Қарағандыда да осындай жағдай болып, командир қаза тапты. Меніңше, апат техниканың ақауынан болған», — дейді сенатор.

«Ұшақ қажетті биіктікке шыққан. 4 мың шақырымға жуық биіктікке көтерілген. Содан кейін не болған? Әдетте, ұшқыш қалыптасқан жағдайдан шығуға әрекеттенеді. Уақыт өте тығыз болғандықтан не болғанын айтып та үлгермейді. Оған мұрша болмайды», — деп қорытты М.Алтынбаев.

Қорғаныс министрлігінің Су-27 ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшыраған болатын. Экипаж іздестіріліп жатыр.

Алматы облысында апатқа ұшыраған СУ-27 ұшағын Талдықорған полкінің штаб бастығы мен командирі басқарған. Бұл туралы бұрынғы Қорғаныс министрі, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ұшақ бауырын жерге көтерген соң 6 минуттан кейін құлаған. «Экипаж ештеңе айтпаған. Айқайлаған дауыс шыққан, бірақ жетекші ештеңе ұқпаған соң қайта сұраған. Бірақ жауап болмапты», — деп түсіндірді сенатор.


М.Алтынбаевтың сөзіне қарағанда, Су-27 «жерге аударылған күйі құлаған». «Ұшақтың құлаған жері табылған болса, «қара жәшікті» іздеу керек. Әлбетте, бірдеңе табыла қойса… Тәжірибеге сүйенсек, жойғыш ұшақ осылай құлағанда одан ештеңе қала қоймайды. Қозғалтқыш пен ауыр заттардың бәрі жерге тереңдеп кіріп кетеді, ұшақ қатты қирайды. Сондықтан ұшақтың қара жәшіктерінің табылатын, не табылмайтынын білмеймін. Бірдеңе деу қиын», — деді ол.