«Егжей-тегжейлі нақтыланды. Бұған дейін айтқанымыздай, жол қозғалысы туралы заңның әкімшілік жауапкершілікке қатысты баптары мамыр айында күшіне енді. Қалғаны қазан айының соңында күшіне енеді. Ерекше нөмірлер шамамен қараша айының басынан бастап сатыла бастайды», — деді ол сәрсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
«Мұндай мемлекеттік нөмірлер екі санатқа бөлінді. Төленетін сома АЕК-ке байланысты болмақ. Мәселен, 100 деген нөмір 237 мың теңге, ал 777 нөмірі 400 мың теңге тұрады. Ақшаларыңызды жинай беріңіздер, қараша айында сатып ала аласыздар», — деп қосты И.Лепеха.
1 АЕК 1852 теңгеге тең.
Салық кодексіне енгізілген түзетулерде ерекше мемлекеттік нөмірлерге салық енгізілді.
Мәселен, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері 253 мың 724 теңге, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері 422 мың 256 теңге тұрады.