Білім беру нысандарына бөлінген қаржы екі облыста ғана 100 пайызға игерілген - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім беру нысандарына бөлінген қаржы екі облыста ғана 100 пайызға игерілген - ҚР БҒМ

Білім беру нысандарына бөлінген қаржы екі облыста ғана 100 пайызға игерілген - ҚР БҒМ

Білім беру нысандарына бөлінген қаржыны Алматы және Қостанай облыстары ғана 100 пайызға игерді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен өткен 2014 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мектептердің құрылыс сапасы мен жүзеге асырылуына бақылау жүргізу және мониторинг ұйымдастыру жөнінде ведомствоаралық комиссиясының селекторлық режімдегі жиналысында мәлім болды. 

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 704
Фото - Caravan.kz


Жиынға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика және қаржы министрліктері қызметкерлерінің, облыс, Астана, Алматы қаласы әкімдерінің орынбасарлары, білім, денсаулық және құрылыс басқармалары басшыларын қатысты. Онда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған және білікті мамандармен қамтамасыз етілген әлеуметтік нысандарды орналастыруда экономикалық мақсаттылыққа сәйкес қаражатты тиімді қолдану, 2014 жылғы 8 айда республикалық бюджет есебінен салынып жатқан білім беру нысандарының құрылысына арналған бюджеттік қаражаттың игерілуі мәселелері қаралды.

«2014 жылы 205 мектепке дейінгі және орта білім беретін нысандар құрылысы мен сейсмологияға нысаналы трансферттердің есебінен жалпы сомасы 69,8 млрд. теңге жүзеге асырылуда. Оның ішінде 74,3 мың орындық 119 мектеп, 19,9 мың орындық 72 балабақша құрылысын салу, 14 нысанға сейсмикалық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қарастырылған. 205 білім беру нысанының 103-і 2014 жылы басталған, 102-сі 2013 жылдан өтепелі нысандар болып табылады»,- делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаражатты игеруі жоспардың 90,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде оны Алматы және Қостанай облыстары ғана 100 пайызға игерген. Қалған облыстарда қаражат толық игерілмеген: ол Солтүстік Қазақстан облысында — 29,3%; Ақмола — 57,1%, Павлодар — 70,5%, Жамбыл — 81%, Қарағанды — 85,1%, Атырау — 85,4%, Маңғыстау — 87,4%, ОҚО — 90,3%, Алматы қ. — 91,9%, Қызылорда — 96,5%, Астана қ. — 98,6%, ШҚО — 99,1%, Ақтөбе — 99,3%, БҚО — 99,8% құрады.

Кесте бойынша мерзімінен қалған 72 нысан (Ақмола — 2, Атырау — 4, ШҚО — 2, Жамбыл — 7, Қарағанды — 4, Қызылорда — 5, Манғыстау — 2, Павлодар — 4, ОҚО — 14, Астана қ. — 15, Алматы қ. — 11 және т.б.) бар.