Семей полигонына улы қалдықтарды төгуге табиғат жанашырлары қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей полигонына  улы қалдықтарды төгуге табиғат жанашырлары қарсы шықты

Семей полигонына улы қалдықтарды төгуге табиғат жанашырлары қарсы шықты

Семейдегі бұрыңғы ядролық сынақ жасалған полигон аумағы улы қалдықтарды көметін жерге айналады. Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері бүгін осылай деп мәлімдеді.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Курчатов қаласындағы орталық мамандары полигон бос жатпай, пайда әкелуі тиіс дейді. Сондықтан Қазақстан аумағындағы улы қалдықтарды дәл осы жерде сақтау керек деген шешімге келіпті. Қазір осы қалада халықаралық ғылыми конференция өтуде. Шара барысында сондай-ақ бұрынғы полигон аумағындағы шаруашылыққа пайдалануға болатын біраз жерлер де көрсетілді. Алайда конференция барысында бұрынғы полигонды улы қалдықтар қорымына айналдырудың қауіпсіз екеніне күмән келтіргендер де табылды.


Николай Исаев, Семей қалалық коммерциялық емес ұйымдар бірлестігінің төрағасы:

-Мені бәрінен бұрын алаңдататын жайт улы қалдықтардың тасымалдануы. Бүкіл Қазақстан аумағымен жеткізілетін мышьяктың жолда аяқ астынан төгіліп қатер әкелмесіне кім кепіл. Бәлкім, сол кәсіпорындар орналасқан жерден қорым жасау керек шығар.