Елімізде ең қымбат көлік нөмірі жарты миллионға бағаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  ең қымбат көлік  нөмірі жарты миллионға бағаланды

Елімізде ең қымбат көлік нөмірі жарты миллионға бағаланды

Ақшаң болса қалтаңда, қымбат көлік нөмерін сатып ал да талтаңда! Елімізде бай-бағландардың нағыз бәсекесі басталды. Қарашадан бастап «001», «111», «777» сынды біріңғай сандардан тұратын мемлекеттік нөмірлер ресми түрде саудаға түспек.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz


Ол үшін жүргізуші Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын ала өтініш беру керек. Елден ерекше нөмірлер екі санатқа бөлінеді. Бағасы болса, жыл сайын өзгеруі мүмкін. Мысалы, «100» деген нөмер 237 мың теңге тұрса, ал әсіресе қазақтың ер-азаматтары ерекше құмар «777» нөмерінің құны 400 мың теңге. Бірақ, мұндай қымбат нөмерлердің иелеріне баж салығы салынады. Жуырда заңға осындай өзгеріс енгізілген болатын. Мәселен, «111», «222», «333» деген сандар үшін 13 мың  теңге, ал, «001», «002», «777»-ге  22 мың теңге қосымша төлейсіз.