Білім министрлігі Спанч Бобты теледидардан көрсетпеуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі  Спанч Бобты теледидардан көрсетпеуді талап етті

Білім министрлігі Спанч Бобты теледидардан көрсетпеуді талап етті

«Спанч Боб» балаларды бұзақылыққа тәрбиелеуде. Бүгін Білім министрлігіндегілер «шетелдік мултфильмдер бүлдіршіндердің санасын әбден улап жатыр» деп дабыл қақты.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz

Сондықтан, атқамінерлер балаға бұрыс тәрбие беретін мұндай мультфилімдерден мүлдем бас тарту керек деп отыр. Ол үшін ата-аналар бүлдіршіндерді күні-түні теледидарға телміртпей, баланың көк жәшік алдында өткізетін уақытын қатаң шетеу қажет. Әйтпесе, қатыгез Спач Бобтың ұрпағымызды аяйтын түрі жоқ, — дейді министрліктегілер.

Зәбира Оразәлиева, ҚР БҒМ Баллалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:



-Спач Боб мультфилімде көршісін, өзге де  кейіпкерлерді көзсіз ұрып-соғады,сөйтіп өз қылығына өзі мәз-мейрам болады. Ал, оның шексіз бұзақылық әрекетін өсіп келе жатқан бала санасына бірден сіңіріп алады емес пе?!