Тосын әрі ұятты көріністі көшеден өтіп бара жатқандардың бірі ұялы телефонына түсіріп, ғаламторға салған. Көптің көзінен қымсынбаған бұл екеудің біреуінің тіпті белден төменгісін түгел сыпырып тастағаны да мұнда анық көрінеді. Әзірге ашық құмарлыққа берілгендердің кім екені білгісіз. Егер анықталса, ұяттан безгендер жазаға тартылуы мүмкін. Әкімшілік кодекске сәйкес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептеледі.