Құрманғазының ұрпағы атасын қорлаған агентікке кәсіпкерлерден жарнама бермеуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманғазының ұрпағы атасын қорлаған агентікке кәсіпкерлерден жарнама бермеуді сұрады

Құрманғазының ұрпағы атасын қорлаған агентікке кәсіпкерлерден жарнама бермеуді сұрады

Құрманғазыны қорлағандар оңай құтылды. Бүгін Алматы соты күй атасы Құрманғазы мен орыс ақыны Пушкинді сүйістіріп сурет шығарған жарнама агенттігіне 100, ал оның басшысына 70 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұл бар болғаны 315 мың теңге. Арызданушы тарап яки Құрманғазының ұрпағы жарнамшыларды бұдан әлдеқайда ауыр жазаға кесу керектігін айтады. Ал қос елдің ұлы тұлғаларын мазақ қылғандар қуанышты және істерін мұнымен доғармақ емес.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz

Адвокаттар алдымен бұл жарнаманы жасағандар жазықсыз деп жанайқайға басты, артынша судьяны ауыстыруды талап етті. Бұл қулықтары өтпеген соң арада ет пісірім уақыт өткенде процесс басталды. Гейлер мен лесбилердің бір тобы отырды онда. Ал айыптылар көсіле сөйледі кәнігідей.

Дария Хамитжанова, жарнама агенттігінің директоры:

-Аты белгісіз әншілерден бастап ұсақ қоғамдық ұйымдарға дейін барлығы осы суреттің арқасында аттарын шығарғысы келді. Бірақ бұл жерде ешқандай қылмыс жоқ, бұл шығармашылық. Және біз өз жұмысымызды тоқтатпаймыз. Алдағы уақытта да бірнеше үлкен жарнамалар жасайтын боламыз. Ал Құрманғазы мен Пушкиннің суретіне байланысты шыққан шуға менөкінбеймін.

Біздің өзегіміз өртенгенмен, азғын сурет салғандарға мына шу шыбын шаққан құрлы әсер етпепті. Кім ұтты, кім ұтылды бағамдай берсеңіз болады. Аты шықпағаннан жер өртеп жүргендері жоқ. Бабамыздың аруағын таптамас бұрын біздің қауқарды біліп барып жасаған бұлар. Судья ғана азды-кем айыппұл жазып қайтарды. 

-Жарнаманы агенттігін әкімшілік кодекске сәйкес айыпты деп тауып оларға 100 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынсын. Және жарнама компаниясының басшысы да айыпты деп танылып оған 70 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынсын.

10 күнде бар-жоғы 300 мың теңгеден сәл асатын ақшаны төлеп бітсе, Құрманғазы мен Пушкинді мазақ қылып, қазақтығыңа түкіргендер кете бермек. Ал Құрманғазының тікелей ұрпағы болса, байыз таппай әлі де шырқырап жүр.


Нұркен Халықберген, Құрманғазының ұрпағы:

-Бүкіл Қазақстандағы бизнесмендерге арыз жазу керек. Мына жарнама компаниясымен жұмыс істемеңіз деп. Бір сұмдық істегендер оны тағы қайталайды. Бұларға керегі ақша. Оларға заң, оларға тәртіп, оларға ұлттық құндылық керек жоқ.

-Сурет басылған күні бабамыз үшін бас құрбан деген азаматтардың бірі де сот залынан табылмады. Ал шыққан жазаның кесімі сол, кесірі кейін келер. Ұлтты ұлтарақ қылған жарнама агенттігі болса шешімге ризамыз, апелляциялық арыз жазбаймыз деді. Бірақ Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары мен студенттері масқара да мазақ сурет салған жарнама компаниясынан 33 миллион теңге моральдық шығын талап етіп, сотқа тағы бір арыз түсіріпті. Жуырда қаралмақ ол.