Павлодар облысының әкімін дәрігерлердің жалақысы шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының әкімін  дәрігерлердің  жалақысы шошытты

Павлодар облысының әкімін дәрігерлердің жалақысы шошытты

Павлодар облыстық диагностикалық орталығында қыруар қаржы текке ысырап болған. Мемлекеттің ақшасын мұндағы басшылар жалақы, сыйақы ретінде өздеріне жаздырып алыпты. 

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz

Мәселен, былтыр мекемедегілер науқастарға ақылы қызмет көрсетіп, 30 млн теңгеден асатын сыйақы алған. Орталықтың өткен жылғы шығыны осыдан кейін бірнеше есеге артып кетіпті. Мұндағы басшының өзі 800 мың теңге жалақы алып келген. Осылайша, денсаулық сақтау саласының дамуына бөлінген ақшаны олар жеке бастарына жұмсаған. Сондай-ақ, мемлекет меншігіндегі мекеменің 2011 жылдан бастап өз бетімен жұмыс істегені де анықталып отыр. Қызметкерлердің айлығының нақты мөлшері бақылаусыз қалғаны осыдан екен. Енді облыстағы денсаулық сақтау саласы басшыларының мәселесі майшаммен қаралады


Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі :

-700-800 мың теңге алатындай кім ол соншама? Облыс бойынша мені қосып алғанда мемлекеттік қызметкердің бірде-біреуінде ондай жалақы жоқ. Туыстарының кім екеніне көңіл аудармай, бәрін түгел тексеріп шығыңыздар.