Қайрат Қожамжаров жемқорлықпен күресті қайта күшейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Қожамжаров жемқорлықпен күресті  қайта күшейтпек

Қайрат Қожамжаров жемқорлықпен күресті қайта күшейтпек

Дәл осы Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің қолына кісен салған агенттік төрағасы бүгін Мәжіліске келді. Атауы ғана өзгерген, бірақ жемқорлармен күресетін Қайрат Қожамжаров ірі тұтқындаулар мұнымен аяқталмайды деген емеурін танытты. Тіпті кезінде Бәйменов мақтаған «А» корпусына арналған тестті мүлдем алып тастамақ. Өйткені, экс-әріптестінің нақ осы тестілеу саясаты талай шенеуніктің обалына қалып, жұмыссыз қалған.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Кезінде атынан ат үркетін қазір тарап кеткен Қаржы полициясын басқарған Қайрат Қожамжаров жемқорлармен қайта бел шеше күреспек. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығынан кейін атауы ғана өзгерген Агенттікке екінші рет басшы болып тағайындалған Қожамжаровтың қарқыны қатты. Бүгін Мәжіліске келген ол бюджет ақшасын ұрлап, пара алуға дәніккен әріптестерімен қалай күресетінін түсіндірді. Алайда, депутаттар «командалық ауруды» жоймай нәтиже болмайды деп оған дүрсе қоя берді.

Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты:

-Сіз әкім болдыңыз. Жаңадан министр, әкім келеді де,  аппарат қызметкерлерін өзгертеді.Сөйтіп  өзінің  адамдарын  алады.   Оны халық айтып жүр.

Сөзден сүрінбейтін Қожамжаровтың жауабы да лезде табыла кетті. Ол барлық пәле командалық басқарудан деп ақталды. 

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-Бастық өзгеріп, команда өзгеріп жатса, мен оған дұрыс қарамаймын. Мен ойлаймын. Неге бір бастық тағайындалған жағдайда басқаларын алып келеді. Ол тек бір мақсатта – қылмыс жасау үшін және қылмыс жасағанда оны әшкерелемеу үшін.

Қожамжаровқа бұрынғы әріптесінен қалған бастамаларды да сынға алды. Мысалы, бұған дейін Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік төрағасы болған Әлихан Бәйменовтің көп мақтаған «А» корпусындағы тестілеу жаңа басшыға жақпай қалыпты. Керісінше, нақ осы тестілеудің өзі жемқорлыққа жол ашып отыр дейді.


Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-Жасыратын ешкім жоқ. Қазір таныс іздеуді,анау тестіден өту үшін. Солай ғой?.Бұл сыбайластық.

-Осылайша, кезінде Әлихан Бәйменов  мақтауын келістірген «А» корпусына өту үшін өтетін тестілеуге Қайрат Қожамжаров қарсы шығып отыр. Енді оны мүлдем алып тастамақ. Өйткені, «А» корпусына өткен шенеуніктердің 50 пайызы жұмыссыз қаңғып қалған. Тіпті, араларында халыққа танымал, жұртпен жұмыс істеуге машықтанған тәжірибелі атқаміерлер де бар көрінеді.