Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштарының денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштарының денесі  табылды

Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштарының денесі табылды

Әуе қорғаныс күштерінде төтенше оқиға. Талдықорған қаласынан 60 шақырым жерде Қорғаныс министрлігіне тиесілі СУ-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ал экипаж мүшелері полковник Ерлан Науанов пен Денис Горбуновтың қаза тапқаны анықталып отыр. Әуе көлігі айдалаға құлағандықтан оның әрбір бөлігін іздеу де оңайға соқпай тұр.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Апат болған жерді сарбаздар қоршауға алған. Әуеден тікұшақ барлап жүр. Іздестіру жұмыстарын басқару үшін Астанадан бір топ генерал шұғыл жетіпті. Ал Талдықорғандағы әуе базасынан түн бата көкке көтерілген борт нөмірі 50-ші Су-27-мен байланыс 6 минутта үзіліп радардан жоғалып кеткен. Кейін 4000 метр биіктіктен Алматы облысы, Көксу ауданындағы Жаңалық ауылынан 15 шақырым жердегі ми далаға құлағаны анықталды. Куәгерлер жойқын жарылыс болды деп отыр.

Айдын Көпенов, оқиға куәгері:

— Кеше 21:45-те түнде ұшақ ұшып келе жатып аспанда жарылды. Жарқылдап от шықты. Содан соң жермен соғылды. Даусы қатты болды.

Жермен жексен болған әуе көлігін Талдықорғандағы авиациялық базаның командирі Ерлан Науанов басқарған. Аспанда таңғажайып трюктер жасайтын «Жетісу барысы» тобының жетекшісі. Тіпті 7-ші мамыр Астанада өткен әскери шеруге қатысып, Су-27-мен әуе шоуын жасаған сол болатын. Экипаждың екінші мүшесі Денис Горбунов. Өте тәжірбиелі қос подполковниктің катапультпен секіріп кеткен болуы мүмкін деген үміт болған. Өкінішке орай, ұшқыштардың    денесі өлі күйінде  табылды. 

Алматы облысында құлаған Су-27 жойғыш ұшағы 2009 жылы Беларусьтің Барановичи қаласында жөндеуден өткен. Әлі 3 жыл жарамдылық мерзімі бар екен. Жалпы бұл әуе көлігі әлемде шапшаңдығымен мойындалған.


— Қайда құлады таптыңдар ма? Экипаж ше?

Телефонмен тілдесіп ақпарат алып тұрған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев. Осындай әуе апаты болғанда тілшілер қауымы осы генералға жүгінеді. Қорғаныс министрлігі тек құрғақ ақпаратпен шектеліп отырғанда, лезде мәлімет алды. Талай өзі де тізгіндеген Су-27 құлағанда, қозғалтқышы жерге кіріп ұшақтан түк қалмайды деді. Ал Су-27 түн ішінде неліктен ұшқан деген сұраққа былай деп жауап қатты.

Мұхтар Алтынбаев, Сенат депутаты:

-Жаттығу күндіз болсын түнде болсын ұшу керек. Түнгі дайындық болу керек. Егер жау келсе түн, күндіз отырмайсың ғой. Сондықтан дайындық, керек. Ұшақ көтерілген соң 6 минуттан кейін төңкеріліп жерге кірген.

-Қазір Алматы облысында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың қалай болғанын қара жәшік анықтап беруі тиіс. Алайда ол әзірге табылған жоқ. Ал оған дейін Қорғаныс министрлігі Су-27 ғана емес, оқу жаттығуға арналған барлық ұшақтың көкке көтерілуіне тыйым салды.