Бұл видеороликтерде балаларға арналған жаңа ойыншықтар мен ойындар туралы автордың жеке пікірі жазылған. Әкесі ұлын камераға түсіріп, оның видеоларын ғаламторға жүктеуге көмектесіп отырған.
Кейін келе Эванның сараптамалары жұртқа таныла бастапты. Бала ойыншықтар жайлы әңгімелей отырып, оның қай жастағы балаларға қызықты екендігін, қай тұсы ұтымды шыққанын, қай жерінде кемшілігі барын айтып отырған.
Бұл көпшіліктің көңілінен шығып, олардың көрермендері 750 млн. адамға жеткен. Осы есеп бойынша Эван жылына $1,3 млн. табыс табады екен. Оның ата-анасы бұл ақшаны сақтап, кейін оқуына жұмсамақ көрінеді.
Бұл сома оларға Эванның танымал бренд ойыншықтарды жарнамалағаны үшін және оған сарап жасағаны үшін төленеді.