23 тонна жанар-жағармайды контрабандалық жолмен тасымалдамақ болған Ақтөбе тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 тонна жанар-жағармайды контрабандалық жолмен тасымалдамақ болған Ақтөбе тұрғыны ұсталды

23 тонна жанар-жағармайды контрабандалық жолмен тасымалдамақ болған Ақтөбе тұрғыны ұсталды

23 қыркүйекте 04.50 кезінде Никельтау стансасында жедел іздеу шараларының барысында 47 жастағы Ақтөбе тұрғыны басқарған тіркемесі бар «КамАЗ» автокөлігі ұсталды.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Автокөлікті қарау кезінде цистернадан олардың заңды екенін растайтын  сәйкес құжаттарсыз 23 тонна дизельді жанар-жағармай табылды.

«Күдіктінің аталған дизельдік жанар-жағармайды Никельтау стансасындағы тұрғыннан алғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 183-1 бабының 1-тармағы «Мұнай мен мұнай өнімдерін оның ірі көлемде шығып, өңделуінің  заңдылығын растайтын  құжаттарсыз тасымалдау, алу, жүзеге асыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. Аталған бап екіден үш жылға дейін, сондай-ақ мүліктің тәркіленуімен бірге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.