ол "Бейбітшіліктің баламалы сыйы" деген атпен танымал, деп хабарлады сәрсенбіде АП агенттігі.
Э.Сноуденнен бөлек бұл сый британдық "Гардиан" газетінің редакторы Алан Расбриджерге де берілді, ол аталмыш агенттіктің қызметі туралы бірқатар құпия құжаттарды жария еткен болатын.
Қордың басшылығынан атап өткендей, құрметті награданы табыс ету рәсімі Стокгольмде 1-желтоқсан күні өтпек. Шараға Э.Сноуденнің қатысу ықтималдылығы туралы әзірген айтылмаған.
"Дұрыс өмір сүру салты үшін" халықаралық қоры Швецияда орналасқан, оны 1980 жылы журналист Якоб фон Юксулл құрған. Нобелев сыйлығына баламалы сыйақы адам құқын, қоршаған ортаны қорғау сияқты салалардағы ерекше қызмет үшін беріледі.