Қарамағындағы адамды өлтіргені үшін полиция қызметкері 24 жылға сотталды - Қызылорда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағы адамды өлтіргені үшін полиция қызметкері 24 жылға сотталды - Қызылорда

Қарамағындағы адамды өлтіргені үшін полиция қызметкері 24 жылға сотталды - Қызылорда

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қызылорда ішкі істер басқармасының жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім инспекторын өлтірген топқа айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 337
Фото - Caravan.kz

Сот үкіміне сәйкес, бұрн Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жасөспірімдер полициясы бөлімін басқарған айыпкер Берікбол Шиманов бес бап бойынша: 177-бап (алаяқтық), 251-бап (атыс қаруын заңсыз сақтау), 96-бап (кісі өлтіру), 187-бап (бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру), 112-бап (қауіп келтіру) бойынша кінәлі деп танылып мүлкін тәркілеумен 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, оның үш сыбайласы да кінәлі деп танылып түрлі мерзімге сотталды.

Қызылорда ҚІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім инспекторы Нұрбек Шоменов 2014 жылғы қаңтардың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Оның туыстары құқық қорғау органдарына жүгінді. Алдын ала тексеру барысында күдікті ретінде жасөспірімдер полициясы бөлімінің басшысы Берік Шиманов анықталды. Жауап алу кезінде Б.Шиманов қарамағындағы қызметкерін өлтіргенін мойындап, оны көмген жерін көрсеткен.

Тергеу анықтағандай, Б.Шиманов инспекторды сыйақысының жартысын беруден бас тартып, бопсалау фактісі бойынша жеке қауіпсіздік басқармасына арыз түсіргені үшін өлтірген.