Бұл туралы Үндістан ғарыштық зерттеудер ұйымының Ұшуларды басқару орталығы мәлімдеді.
7,3 км биіктіктен жасалған фотосуреттер «Фейсбук» пен «Твиттерде» ISRO парақшаларына орналастырылған. Онда планетаның сарғыш қызыл беткі қабаты мен күңгірт түсті терең жерлері көрінеді.
Ғарыш аппараты Марс орбитасына кеше шықты.
Mangalyaan сбасқа планетаға ұшырылған алғашқы үнді аппараты. Оның міндетіне Марстың беткі қабаты мен оның атмосферасының құрамын зерттеу, Марсқа кейінгі ұшуларға арналған технологиялар өңдеу кіреді. Аппарат Марста алты айдай уақыт болмақ.