Алматыда шығысқазақстандық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шығысқазақстандық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда шығысқазақстандық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 27 қыркүйек күні Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 9 ауданының тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Қалалықтар тауарлардың 50-ден астам түрін базар нарқынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады. Олардың ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, ұн, жарма, май және басқа да өнімдер бар.

Алматыға жеткізілген тауарлардың жалпы салмағы 74 тоннадан асады. Жәрмеңке 27 қыркүйек күні «Астана» алаңында таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін ашық болады.

Одан басқа ертеңінде, 28 қыркүйек күні Жібек жолы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында бал жәрмеңкесі өтеді. Онда алматылықтар балдың түрлі сұрыптары мен басқа да өнімдерін базар нарқына қарағанда 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке таңғы сағат 09:00-де басталады.