Алматының өрт сөндірушілері үй аралау науқанын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының өрт сөндірушілері үй аралау науқанын бастады

Алматының өрт сөндірушілері үй аралау науқанын бастады

Олар бір ай ішінде жеке үйлер шоғырланған аудандарға барып, қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігін қалай сақтау қажет екенін ескертпек. Себебі, былтыр пештің дұрыс салынбауы салдарынан ыстан көз жұмғандар саны жүзден асып жығылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері 400-ге жуық баспана дәл осы себептен өртеніпті.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 364
Фото - Caravan.kz

Сондықтан мамандар алдымен тұрғындардың үйлерін бас сұғып, пеш жүйелерін тексермек. Бірақ қожайындардың көпшілігі шақырылмаған «қонақтарды» жолатқысы келмейді. Сондықтан оларға тек ескерту қағаздары табысталады. Ал қарауға мүмкіндік туған пештердің барлығы дұрыс салынбағаны анықталған. Бірінің мұржалары бекітіліп қалса, екіншісіне сызат түскен. Бұдан өзге өрт сөндірушілер пәтер иелері коперативтерінің басшыларына да өз өкпесін айтуда. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында арнайы техника жүріп өте алмайды. Жүргізушілер жол бойына көліктерін тастап кеткенімен қатар, қазір әр үй тұрғындары өз еркімен жасанды бөгеттер жасап алуды әдетке айналдырыпты.


Жанат Ақжолов, Әуезов аудандық төтенше жағдай бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Өрт сөндіру кезінде көп қабатты үйлердің алдында шлагбаумдар орналастырып тастайды заңсыз түрде, электр сымдарын заңсыз қолданады. Подвалдар мен көпқабатты үйлердің шатырларында заттар жинайды. Бұл бойынша кооператив төрағалары әкімшілік жауапқа тартылады біздің тарапымыздан.