Семейде спортшылар стадионнан шыға алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  спортшылар стадионнан шыға алмай қалды

Семейде спортшылар стадионнан шыға алмай қалды

Семейдің ірі спорт кешенінде жер үшін дау шықты. Стадионның дәл қақпасының алдынан көлік жөндеу станциясының құрылысы басталып, кіре берісті бітеп тастаған. Енді спорт нысанына жедел жәрдем мен өрт сөндіруші көліктер өте алмайды. Стадион қызметкерлері қала басшылығының бұған қалай рұқсат бергенін түсінбей дал.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz

— Қанатымыз жоқ стадион үстінен ұшатын. Не істейміз?

Бұл автобус қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын спорт кешеніне жеткізіп тұрған. Енді ол стадионнан мүлдем шыға алмай қалды. 

 -Дәл стадион маңынан басталған құрылыстың кесірінен спорт кешеніне кірер негізгі қақпа жабылып қалған. Оның үстіне көлік қоятын орын да едәуір тарылып кеткен. Ал жақында мұнда халықаралық жарыс өтуі керек. Енді стадион басшылығы шетелдік меймандардың көліктерін қайда қоямын деп бас қатыруда.

60-шы жылдары негізі қаланған бұл стадионда түрлі жарыстар мен шаралар өтеді. Кешен басшылығы осы жерден тағы футбол ойнайтын шағын алаң мен киім ауыстыратын орын салмақ болғанымен, оған рұқсат ала алмапты. Есесіне аяқ астынан кәсіпкер көршіге тап болған. Ол салған жаңа нысанның кесірінен мұнда енді ешбір жедел қызмет кіре алмайды.

Мұрат Еркінбаев, стадион қызметкері:
-Өрт бірдеңе болып қалса, ашылмайды. Қорған бәрі жабық тұр. Соған байланысты осыны мүлдем алып тастаса деп ойлаймын

Көлік жөндеумен айналысатын нысаннан осында балаларын жіберетін ата-аналар да қорқып отыр.


Алтынай Темірханова, Семей қаласының тұрғыны:

-Онда жанар-жағармай, оттегі баллондары болады. Алда-жалда жарылыс болса, не істейміз?

Ал дауға түрткі болған нысан иесінің қолында барлық құжаты бар. Стадион басшысын әдейі қудалап отыр деп айыптады. Айтуынша, үлкен қақпаны ол әдейі қабырғаның түбіне әкеп, жағдайды ушықтырған.

Мұхтархан Мауытқанов, кәсіпкер:

-Ол жерді өзім таңдаған жоқпын. Қала әкімдігі ұсынды. Арнайы комиссия да рұқсат берген. Миллиондап ақша жұмсадым. Стадион басшысы менімен дауласып, әбден мезі етті

Қос тараптың да жер телімін оңайшылықпен беретін түрі жоқ. Тіпті даудың сотта қаралуы да мүмкін. Ал бұл орынды бөліп берген қала басшылығы түсініктеме беруден тартынып отыр.