Қостанай облысының тұрғыны Ішкі Істер департаментінен 100 миллион теңге талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының тұрғыны Ішкі Істер департаментінен 100 миллион теңге талап етті

Қостанай облысының тұрғыны Ішкі Істер департаментінен 100 миллион теңге талап етті

Қостанайда облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері сотқа берілді. Рудный қаласының тұрғыны Рәсім Байрамов тәртіп сақшыларын «жасамаған қылмысты мойныма ілді» деп кінәлап отыр. Полицейлер оны ұрып-соғып мойындатқан көрінеді. Енді Байрамов моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге талап етуде.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшыларының заңды белден басуының кесірінен 4 жыл абақтыда отырып шыққан Рәсім ішкі істер департаментін осылайша бір сілкіп алмақ. Айтуынша, полиция қызметкерлері оны еркінен тыс қинап жасамаған ұрлық үшін қылмысты мойнына алғызған. Тіпті бұл дерек дәлелденіпті және қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек, Рудный қаласының полицейлері Рәсімге елді дүрліктірген 7 жасар Виктория Ганидың өлімін де мойындатпақ болған көрінеді. Абырой болғанда мектеп жасындағы қызды өлтірген адам дер уағында табылып Байрамов ол істен құтылған.