4G Семейге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4G Семейге жетті

4G Семейге жетті

Семей қаласында «Алтел» АҚ 4G аса жылдам интернет желісінің төртінші буынын іске қосты, деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ-ның Қоғаммен байланыс қызметінен. 

  • 28 Қыркүйек 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz

4G — қазіргі қолданыстағы интернет желісінен 5-7 есе жоғары, яғни секундына 100 Мбит жылдамдықпен жұмыс жасайды. 

«Алтел» компаниясы халқы 50 мыңға жететін шағын қалаларда LTE жүйелерін орнату құрылыстарын өз міндетіне алып отыр. Оны біз жоспарда белгіленген уақыт бойынша жүзеге асыратын боламыз», — деді «Алтел» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков.

Оның айтуынша, 4G жүйесіне жыл соңына дейін 11 қала тұрғындары қол жеткізе алады.