Тон ұрлаған әйел қылмысын жасыру үшін 11 жастағы баланы өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тон ұрлаған әйел қылмысын жасыру үшін 11 жастағы баланы өлтірген

Тон ұрлаған әйел қылмысын жасыру үшін 11 жастағы баланы өлтірген

Қарағандыда 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен 20 жастағы әйел адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

  • 28 Қыркүйек 2014
  • 512
Фото - Caravan.kz


«25 қыркүйекте 45 жастағы әйел пәтерінен қаракүзен тоны ұрланғаны туралы айтып полицияға келді. Сол күні ол ішкі істер органына тағы 11 жастағы ұлының жоғалғанын айтып шағымданған», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция ақпаратынша, 26 қыркүйекте шамамен сағат 13.00-де 11 жастағы Леон Серікбаевтың өлі денесі даладағы қазылған шұңқырдан табылды.

«Криминалдық полиция қызметкерлері еш жерде жұмыс істемейтін қаза тапқан баланың анасының туысы — Жаңаарқа ауданының 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол пәтерден тонды ұрлап, баланы өзімен бірге алып кеткенін мойындады. Кейін оған пышақ сұғып, буындырып өлтірген. Баланың өлі денесін қазылған шұңқырға тастап жіберген», — деп хабарлады оқиғаның мән-жайын облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ұсталған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, заттай айғақтар алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.