Полиция қызметкері тапа-тал түсте автоматынан айырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкері тапа-тал түсте автоматынан айырылып қалды

Полиция қызметкері тапа-тал түсте автоматынан айырылып қалды

Шымкентте полиция қызметкері қаруын жоғалтып алды. Жол-патрульдік полицейі айдың күннің аманында табельдік қаруынан айырылып қалған. 

  • 28 Қыркүйек 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді, деп хабарлайды Otyrar.KZ.

Келеңсіз оқиға күндізгі сағат 15:30-да орын алған. 26 жастағы полиция сержанты 30 оғы бар Калашников автоматын сырттағы көлікке қалдырып, өзі тамақтанған. Қайтып шықса, қаруды ұрлап кетіпті.

Қазіргі таңда полиция қатарында 2 жыл қызмет жасаған сержант жұмысынан шеттетілген. Оған қатысты қамауға алу шарасы қолға алынбаған. Оның үстінен қозғалған салақтыққа байланысты іске қоса, атыс қаруын ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.