Елді алаңдатқан Калачидегі «ұйқы ауруы» тағы бойы көрсете бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елді алаңдатқан Калачидегі «ұйқы ауруы» тағы бойы көрсете бастады

Елді алаңдатқан Калачидегі «ұйқы ауруы» тағы бойы көрсете бастады

Бүтін елді алаңдатқан Калачидегі  «ұйқы ауруы» тағы бойы көрсете бастады.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Есіл аудандық аурухананың дәрігерлері мәлім етті.

Есімін атауды жөн көрмеген аудандық аурухана дәрігерінің сөзіне қарағанда, бұл жолы ауырып түскен ағайынды 2 және 10 жасар екі баланың бірінен «ұйқы ауруының» белгісі табылды. 

«Қазіргі кезде, «ұйқы ауруына» шалдыққан 2 жастағы бүлдіршіннің жағдайы жаман емес.  Дәрігерлердің бақылауына алынып, тиісті ем-дом қабылдауда», — дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, осыдан тура бір жарым жыл бұрын Ақмола облысы Есіл ауданындағы Калачи ауылында тұрғындардың ұйқы ауруына шалдыққаны жөнінде алғашқы ақпарат тараған болатын.


Бүгінгі күні осы ауруға шалдыққандардың саны 45-ке жеткен. Дәл қазір олардың қандай аурумен ауыратынын және оған не себеп болып отырғанын ашып айту мүмкін болмай отыр.