Сами Юсуф жаңа жинағын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сами Юсуф жаңа жинағын шығарды

Сами Юсуф жаңа жинағын шығарды

Мұсылман қауымына әуезді мақамымен танымал болған әзірбайжандық Сами Юсуф өзінің жаңа жинағын жарыққа шығарды, деп хабарлады www.muslim.kz.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

«The Centre» деген атаумен жарыққа шыққан жаңа жинақтың ішінде әзірбайжан халқының «Сары гялин» атты әні де бар көрінеді.

Мұсылман әншісі аталмыш әнді өз тілінде және ағылшын тілінде орындап, оған бейнебаян да түсірген. Бейнебаян қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы кең тарап, халық арасында жақсы бағаға ие болуда.

Британдық әнші, композитор, аспапшы, исламдық діни әндерді орындаушы Сами Юсуфтің тегі әзірбайжандық.  Ол көптеген елдерде гастрольде болды. 2007 жылы Ыстамбұл қаласындағы оның үлкен концертіне 200 000 адам жиналды.

Ол сатылған альбомдары мен YouTube сайтындағы клиптерінің көрілімі бойынша әлемде екінші орынға шыққан әнші. Түрік БАҚ-тарының жазуынша, 2010 жылы оның «Wherever You Are»  альбомы 7 миллион данамен таралған.