Семейде мектеп оқушыларының жаппай улануына не себеп болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мектеп оқушыларының жаппай улануына не себеп болды?

Семейде мектеп оқушыларының жаппай улануына не себеп болды?

Семейдегі №19 мектепте оқушылардың жаппай улануына асханада тамақ дайындау

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz

тәртібінің бұзылуы түрткі болған болуы мүмкін.

«Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аурудың мектеп асханасындағы тамақтан туындағаны белгілі болды. Асхананың ас мәзіріне тауық пен балық езбесінен жасалған тамақтар енгізілген. Сонымен қатар, тамақты сақтау және дайындау тәртібі де бұзылған», — деп дүйсенбі күні облыстық Тұтынушылар құқын қорғау департаменті хабарлады.

Айтуларынша, уланғандардың ең алғашқылары дәрігерлер көмегіне 25-қыркүйекте жүгінген. Қазір эпидемияға қарсы кешенді шаралар жүргізілді.


Мектеп асханасын жоспардан тыс тексеру үшін бас прокуратураға өтініш жолданды.