В.Путин: Каспий теңізі мен оның байлығы - жағалауындағы барлық мемлекеттің тарихи мұрасы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Путин: Каспий теңізі мен оның байлығы - жағалауындағы барлық мемлекеттің тарихи мұрасы

В.Путин: Каспий теңізі мен оның байлығы - жағалауындағы барлық мемлекеттің тарихи мұрасы

Каспий теңізі мен оның байлығы - жағалауындағы барлық мемлекеттің тарихи мұрасы. Бүгін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының 4-ші саммитінің шағын құрамдағы кездесуін ашқан РФ Президенті Владимир Путин осылай деді.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізі мен оның байлығы — мемлекеттеріміздің тарихи мұрасы. Оны сақтау және көбейтуде біз болашақ ұрпақ алдында бірдей жауапкершілік арқалаймыз», —  деді В.Путин.

Ресей Президенті Каспий өңірі бейнелі сипатта айтқанда бейбітшілік әрі шынайы татулық жазирасы болып саналатындығын баса айтты. Бұл тұрақтылыққа Каспий маңы мемлекеттерінің, олардың халықтарының, басшыларының арасындағы  теңгерімді қарым-қатынас негіз болып отыр. Бұған қоса, қауіпсіздік, экономика не болмаса қоршаған ортаны қорғау мәселелері де тыңғылықты шешілуде.

«Мұндай амалдардың ұйымдастырушылық мәселелері осыған дейінгі кездесулерде әзірленген болатын. Біз тетіктер құру, оның ішінде каспийлік бестік тетіктерін жетілдіру туралы айттық. Яғни, жоғары деңгейдегі кездесулер ғана емес, министрліктер, ведомстволар, сарапшылар, бизнес қоғамдастықтар, жастар ұйымдары қызметін жандандыру керек», — деді В.Путин.

Сонымен қатар ол сөзінде бүгінгі саммитке енгізілетін құжаттарды дайындау барысында сарапшылар зор жұмыстар атқарғанын баса айтты.


«Бүгін біздерге осы жұмыстардың нәтижелерін талқылап, таяу және келешек перспективадағы басымдықтарды белгілеу қажет», — деді РФ Президенті.