ҚР Президенті «Каспийде еркін сауда аймағын» құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті «Каспийде еркін сауда аймағын» құруды ұсынды

ҚР Президенті «Каспийде еркін сауда аймағын» құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңындағы мемлекет басшыларының IV Саммитінде «Каспийде еркін сауда аймағын» құруды ұсынды.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік нарықтың бүгінгі жағдайын ескере отырып, бірлескен сауданың өсуі арқылы елдеріміздің экономикасының жақындай түсу мүмкіндігін қарастыруға болады», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы Каспийдің құқықтық мәртебесін ретке келтіргенге дейін экономикалық ынтымақтастықтың негізін қалауға болатынын атап өтті.

«Еркін сауда аймағын құру ұсынысын қарастыруды ұсынамын. Бұл біздің елдеріміздің Үкіметтік деңгейде талқыланатын алғашқы сұрақтардың бірі болуы мүмкін», — деп түйді Н. Назарбаев.