Атырау пойызының апатына айыпталғандар шартты жазамен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау пойызының апатына айыпталғандар шартты жазамен құтылды

Атырау пойызының апатына айыпталғандар шартты жазамен құтылды

Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына  кінәлі деп танылған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Атырау жол дистанциясының  бөлімше бастығы мен оның орынбасары екі жылға шартты жазаға кесілді.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz


Тергеу кезінде барлық вагондардың жарамды екені анықталды. Ал «Алматы-Атырау»  бағытында келе жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына рельстердің аяқ астынан қисаюы себеп болған. Яғни апат болардан екі апта бұрын Сағыз-Мақат учаскесінде жасалған жөндеу жұмыстары кезінде техникалық талаптар сақталмаған. Жұмыс та сапасыз жүргізілген көрінеді. 19 сәуірде  Сағыз-Мақат теміржол учаскесінде 13 вагон рельстен шығып кетіп, 7-еуі аударылған еді. Абырой болғанда, адам өлімі болған жоқ. Тек апат кезінде вагондарда отырған 80 адамның 44-і дәрігердің көмегіне жүгінді.