Бұған дейін де төбелес шығаруымен көзге түсіп жүрген ақтөбелік жанкүйерлер Алматыда да ерекшелене қоймады. Олар ойынға бір сағат қалғанда Орталық стадион алдында жиналып ән шырқады. Сосын қолдарына «Кіші жүз» деген жазуы бар үлкен плакат ұстап тура жол үстіне шыққан. Бұнымен тоқтамаған жастар қарсылас командаға қарсы әдепсіз сөздерден құралған ұран тастаған. Төбелестің қай жерде және қалай басталғаны белгісіз. Бірақ тәртіп сақшылары Әуезов атындағы театрдың алдында 40-қа жуық адамды қолға түсірді. Әрекеті «ұсақ бұзақылық» деп танылған олар әкімшілік жазаға тартылды. Айта кетейік, кешегі ойында 2: 0 есебімен «Қайрат» жеңді.