Алматы облысында 1,5 мың бас мал өз иелеріне қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 1,5 мың бас мал өз иелеріне қайтарылды

Алматы облысында 1,5 мың бас мал өз иелеріне қайтарылды

Жыл басынан бері Алматы облысында 991 мал ұрлығы фактісі тіркелген. Жалпы алғанда, шамамен 3000-ға жуық мал басы ұрланды. Бұл туралы өңірдің ІІД-інен хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz


8 айдың қорытындысы бойынша мал ұрлығының ашылуы 35,3 пайызды құрады, ол өткен жылғы нәтижеден 9,6% пайызға жоғары. Алматы облысының полицейлерімен қылмыстың осы түрін ашу шаралары үнемі жүргізіліп отырады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 70 мал ұрлығын жасаған 29 топ ұсталды.

«Мүліктік қылмыстардың алдын алуда, соның ішінде мал ұрлығының алдын алып, ашуда құқық қорғау бағыты бойынша қоғамдық құрылымдардың күштері тиімді пайдаланылады. Қоғамдық құрылым мүшелерінің қатысуымен 79 қылмыстың беті ашылды», — деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Рамиль Гимадиев.

Иелеріне жалпы саны 1,5 мыңнан астам мал басы қайтарылған.