Гонконгтағы қақтығыстардан 56 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконгтағы қақтығыстардан 56 адам зардап шекті

Гонконгтағы қақтығыстардан 56 адам зардап шекті

Гонконгта үкіметке қарсы көтеріліс кезінде 56 адам зардап шекті. Көтерілген топтың негізгі күшін студенттер құрады, деп хабарлады CNN.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

Гонконгтың орталығын жайлаған көтерілісшілер полицияның қоршауында қалудан қауіптенеді. Олар бетеріне бетперде, көздеріне қорғайтын көзілдірік, үстеріне жаңбырдан қорғайтын жамылғы киіп алған. Көтерілісшілер қаланың орталық іскерлік ауданына апаратын басты магистральдағы лагерьді қиратты.

Үкімет бітістіру шараларының аясында көтеріліс болып жатқан аудандардан арнайы жасақтың шығарылғанын мәлім етті. Биліктегілер шерушілерді тарауға және көшелердегі қозғалысты ашуға шақырды. Алайда компартия билігіне қарсы көтерілгендер тараудан бас тартқан.

Шерушілер демократиялық сайлаудың өткізілуін талап етіп отыр: олар Қытай билігінің 2017 жылы өтетін сайлауға үміткерлерді өздері таңдайтынына наразы. 28 қыркүйекте полиция шеруді таяқ, көзден жас ағызатын газ бен аэрозольдерді қолдану арқылы баспақ болды, бірақ шерушілерді тарата алмады.

Жаппай көтерілісті «Оккупай Сентрал» тобы бастаған. Оның көшбасшыларының айналасына мыңдаған көтерілісшілер жиналды.

Әлеуметтік желілерде аталмыш жаппай қарсылық қозғалысын «қолшатырлар төңкерісі» деп атауда, себебі 30 градус ыстықтан қорғану үшін көптеген қатысушылар қолдарына қолшатыр ұстап алған, оны полиция шашатын аэрозольден қорғану үшін ұстап алғандар да бар.