Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны артты

Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны артты

30 қыркүйектегі сағат 8-дер шамасындағы соңғы мәліметтер бойынша «тағамдық өткір токсикоинфекция, гастроэнтерит» диагнозымен Семей қаласының ауруханасына 34 адам жатқызылды. Олардың екеуі ересек адамдар, ал қалғандары - балалар деп хабарлады ТЖД-інен.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 691
Фото - Caravan.kz


Олардың бәрі 24 қыркүйек күні №19 орта мектептің асханасында тамақтанғаннан кейін уланып қалған.

Жалпы алғанда, қала ауруханасына астан уланған 70 адам көмек сұрап барған. Олардың 36-сы амбулаторлық ем қабылдауда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған фактіге қатысты Семей қаласының ІІБ-нің және «Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бойынша Семей қалалық басқармасы» РММ-нің қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.