Астана EXPO ашылуына Голливуд жұлдыздарын шақыра ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана EXPO ашылуына Голливуд жұлдыздарын шақыра ма?

Астана EXPO ашылуына Голливуд жұлдыздарын шақыра ма?

Астанаға EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің ашылуына әлемдік жұлдыздарды шақыру керек пе, ол мәселе әзірге шешілген жоқ.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz

"Қандай әртістерді шақырамыз, кімді шақырмаймыз, Голливудтан шақырамыз ба, әлде Ди Каприо келеді ме, басқалар ма, бұл әзір шешілмеген мәселе", деді "Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев журналистерге сейсенбіде Астанада.

Оның айтуынша, алдымен ондай шараға атақтыларды шақыру орындылығын есептеу керек.

"Біз кірісті есептеп көреміз. Табыс болса, шақырамыз, болмаса шақырмаймыз. Біздің міндет, 283 миллионды қайтару. Ол сома ойдағыдай шығып жатса, неге шақырмасқа? Бұл мәселені пысықтаудамыз. Мәселе 2016 жылы шешіледі", деді ол.