Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен мұнай-газ саласы мамандарын даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен мұнай-газ саласы мамандарын даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы ұсыныс жасады

Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен мұнай-газ саласы мамандарын даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы ұсыныс жасады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасында мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарда тәжірибеден өтетін студенттер санын арттыруды ұсынды.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Мұнай өндіру саласының сервистік инфрақұрылымын дамытудың әлеуеті зор. Біз бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін көбейтуге болар еді. Бұл тек көлік пен логистика, құрылыс қана емес, инжиниринг, жобалау, ақпараттық технологиялар сынды жоғары технологиялық қызмет көрсету. Бұл бағытта біздің бірлескен кәсіпорындарымыз нағыз табысты құралға айнала алады. Осының негізінде озы тәжірибе мен инновацияларды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыратын кадр даярлануы тиіс», — деді Н.Назарбаев Атырауда өткен қазақ-ресей форумында.

«Орташа-арнайы оқу орындары мен ЖОО түлектерін даярлау саласындағы ынтымақтастықты жандандырып, елдеріміз арасында мұнай-газ өнеркәсібі нысандарында тәжірибеден өтетін студенттер санын арттыруымыз қажет», — деп қосты мемлекет басшысы.