Қазіргі уақытта Бейжің көшелеріне 150 түрлі гүлден жасалған 22 млн гүл көшеті отырғызылған себеттер қойылған. Тяньаньмэнь алаңында «Отанға тілек» сөзімен гүлмен көмкерілген себет формасында биіктігі 15 м, диаметрі 50 м клумба орнатылды Бұл себет 10 балдық желге төтеп бере алады.
Биыл Қытай тарихында бірінші рет салтанатты парадта әйелдерден жасақталған құрметті қарауыл ротасы қатысады. Ротада 65 сарбаз бар.
«Алтын апта» кезінде бүкіл Қытай бойынша, 9 млн. адам теміржол қызметіне жүгінеді. Соның ішінде ең көп адам қатынайтын күн бүгін болмақ.
Еске сала кетейік, 1949 жылы 1 қазанда Мао Цзэдун Тяньаньмэнь мінберінен Қытай Халық Республикасының құрылғанын мәлімдеген болатын.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 3-інде орнатылды.