Алматыда құтқарушылардың дабылын тұрғындар елемеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құтқарушылардың дабылын тұрғындар елемеді

Алматыда құтқарушылардың дабылын тұрғындар елемеді

Бүгін Алматыда «жер сілкінісі» деген дабыл қағылды. Құтқарушылар күші 9 балдық дүмпу басталды деп дыбыс ұлғайтқыштармен жарияға жар салғанымен, қала тұрғындары оны аса елеген де жоқ.       

  • 1 Қазан 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz

Қалада тапа-тал түсте осындай шумен сейсмикалық жаттығу басталды. Дабыл дауысы, тіпті, жаңғырып тұрды. Алайда құтқарушылардың айқайына мән берген жан болмады. Көліктер әдеттегідей қозғалып, қала тұрғындары саябақтарда жайбарақат серуендеп жүр. Есесіне сейсмикалық жаттығуға қатысу үшін сабақтан босатылған мектеп оқушылары біраз бой жазып қалған сыңайлы. Құтқарушылар жер сілкінісінен сақтанудың әдістерін түсіндіріп жатқанда, олар селфиге түсіп, мәз-мейрам болысты.              

Білмеймін, көреміз ғой! Болмай-ақ қойсын.