Ермегияев "бюджет ақшасы ЭКСПО-ға жұмсалуда" деген сөзді жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермегияев "бюджет ақшасы ЭКСПО-ға жұмсалуда" деген сөзді жоққа шығарды

Ермегияев "бюджет ақшасы ЭКСПО-ға жұмсалуда" деген сөзді жоққа шығарды

ЭКСПО кезінде  мүгедектердің жүріп-тұруы мүлдем ескерілмей  қалуы мүмкін. Бүгін көрмені ұйымдастыруға жауапты ұлттық компанияның төрағасы Талғат Ермегияев: «салынып жатқан нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлылығын тексермеймін» деді.

  • 1 Қазан 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Есесіне, шоу бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінеді екен. Келген қонақтарды қызықтыру үшін шетелден жұлдыздар шақырылмақ. Егер, қаржылық  пайдасы мол болса, тіпті әлемге әйгілі Леонардо Ди Каприоны да алдыртамыз, — дейді Ермегияев. Жалпы, шенеуніктер Астанада өтетін  халықаралық көрмеден 280 миллион еуро көлемінде табыс табамыз деп отыр. ЭКСПО-ға елордалық полицейлер де ерте қамдануда. Қауіпсіздікті күшейту үшін қалалық Ішкі істер департаменті штатын кеңейтіп, тіпті республикалық штаб құрмақ. Қонақтарға еш қиындықсыз көмек көрсету үшін сақшылар ағылшын тілін үйренуді де қолға алған. Әсіресе, ЭКСПО нысандары мен әуежай, вокзал қатаң бақылауда болады. Өйткені, көрмеге жүзге жуық мемлекеттен адам келеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, бүгін Талғат Ермегияев ел ішіндегі «бюджеттің бар қаржысы ЭКСПО-ға жұмсалып жатыр» деген әңгімеге қатысты да жауап берді.

Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы:

-Айтқан адамды маған алып келіңіздерші. ЭКСПО-ға кетіп жатыр деген әңгіме дұрыс емес. Бұның бәрі қайтатын ақша. Менің ойымша, әр сала келіп, мына миллиард доллар инвестиция әкелеміз деп жатқандар ЭКСПО-ның тиімділігі деп ойлаймын.