В. Путин Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В. Путин Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын жоғары бағалады

В. Путин Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын жоғары бағалады

Владимир Путин Атырауда өткен өңіраралық ынтымақтастықтың ХІ форумы барысында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығын жоғары бағалады.

  • 1 Қазан 2014
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік қарым-қатынасты жақсартуда өңіраралық форумдардың  маңызы зор болып табылады.  Қазақстанның барлық 14 облысымен көптеген ресейлік субъектілер тікелей әріптестік байланыс орнатты. 300-ден астам ынтымақтастық жөніндегі  аймақаралық келісімге қол қойылды. Ресей мен Қазақстан арасында әлемдегі ең ұзын құрғақ жер арқылы өтетін шекара белдеуі жатыр. Осы шекараның екі жағында жатқан өңірлерге барлық тауарайналымның 40 пайызы тиесілі», — деді Владимир Путин.

Жалпы алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жаңа биік деңгейге көтерілді.


«Екіжақты тауарайналым 6 еседен астам өсті. Ресейдің тікелей Қазақстан экономикасына инвестициясы 10 есе ұлғайды. Бұндай қарқынды өсім көбінде инвестициялық ықпалдастық негізінде мүмкін болады», — деді В. Путин.