Саясаткер киножұлдыз жемқорлығы үшін айыпталған соң 20-ға жуық адам суицидке барған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер киножұлдыз жемқорлығы үшін айыпталған соң 20-ға жуық адам суицидке барған

Саясаткер киножұлдыз жемқорлығы үшін айыпталған соң 20-ға жуық адам суицидке барған

Үндістанның Тамилнад штатының бас министрі және бұрынғы киножұлдыз Джаялалита Джаярамға айып тағылуы елде жаппай өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының жиілеуіне әкелді. 

  • 1 Қазан 2014
  • 446
Фото - Caravan.kz


Табынушылары «ана» деп атайтын министр сыбайлас жемқорлығы үшін айыпталған кезден бері кемінде 20 адам өз өмірлерімен қош айтысқан.

Осы шулы істен кейін бүкіл штат бойынша жаппай наразылық әрекеттері байқала бастады. Сот шешімімен келіспеген саясаткерді жақтаушылар өз-өздерін өртеп, қала көшелерінде тәртіпсіздіктер орнатты. Салдарынан 10-нан астам адам жүрек ұстамасымен ауруханаға жеткізілді. Тағы ондаған адамды құтқару мүмкін болды, деп хабарлады The Indian Express газеті.