Саламатты өмір салтының мәдени мерекесіне қазақстандық оқушылар делегациясы да қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.
Спорттық фестивалді өткізудің бастамашысы Түрікменстанның президенті Гурбангулы Бердымухамедов қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде осындай шараны өткізудің негізгі мақсаттары оқушылардың арасында саламатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау, ТМД оқу орындары мен барша Достастық балаларының арасында достық байланыстарын орнату болып табылатынын атап өтті.
Түрікменстанның білім министрлігі, мәдениет министрлігі, спорт істері жөніндегі мемлекеттік комитеті және Бүкілресейлік мектеп спорты федерациясының атсалысуымен өткен шара бағдарламасына шағын футбол, жағажайдағы волейбол, үстел теннисі, шахматтан және баскетболдан жарыстар енді.
Қазақстандық жас волейболшылар фестивальден үшінші орынмен оралды.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Түрікменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мактымгулы Акмырадов 11 қыркүйекте өткен кездесулерінде қазақстандық оқушылардың Авазадағы мәдени-спорттық фестиваліне қатысу барысы мен екі мемлекеттің мәдениет және өнер саласының өкілдері арасындағы байланыстарды арттыру мәселелерін талқылаған еді.