Ақмола облысынан Сенат депутаттығына үміткер Рашит Әкімов 92,9 пайыз дауыс жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысынан Сенат депутаттығына үміткер Рашит Әкімов 92,9 пайыз дауыс жинады

Ақмола облысынан Сенат депутаттығына үміткер Рашит Әкімов 92,9 пайыз дауыс жинады

Бүгін ҚР Парламент Сенаты депутаттығына Ақмола облысы атынан қатысқан үміткер Рашит Әкімов 92,9 пайыз дауыс жинады.

  • 1 Қазан 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бұл жолғы ҚР Парламент Сенаты депутаттығына Ақмола облысының атынан Рашит Әкімов пен Болат Жүнісовтың кандидатурасы ұсынылды.

Облыс орталығындағы "Көкшетау" мәдениет сарайында өткен сайлауға облыс, аудан және қалалық мәслихаттардан 270 депутат қатысты. Оның ішінде Рашит Әкімов 250 дауыс жинаса, Болат Жүнісов 19 дауысқа ие болды.

Ал бір бюллетень жарамсыз деп танылды. Дауыс беру шарасына бақылаушы болып қатысқан Армения Республикасының Ұлттық жиналыс депутаты Рубик Карапетович Акопян "сайлау әділ өтті" деп отыр.

2

 3 

4