«ҚазМұнайГаз» Ресейден 180 мың тонна бензин жеткізу туралы келісім бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» Ресейден 180 мың тонна бензин жеткізу туралы келісім бекітті

«ҚазМұнайГаз» Ресейден 180 мың тонна бензин жеткізу туралы келісім бекітті

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы елдегі жанар-жағармай тапшылығын жою мақсатында Ресейден 180 мың тонна, Әзірбайжаннан 10 тонна бензин жеткізу туралы келісім бекітті.

  • 1 Қазан 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Соңғы жылдары елге әкелінген жанармай көлемі жеткіліксіз болып отыр. Мүлде жеткізілмей жатыр деуге болады. Осы проблеманы шешу мақсатында «ҚазМұнайГаз» контракт бекітті: Ресейден 180 мың тоннаға жуық, Әзірбайжаннан 10 мың тонна бензин жеткізу туралы келістік. Жанар-жағармай төңірегіндегі ахуал жуық арада реттелуі тиіс, жанармай әкеліне бастады», — деп сәрсенбі күні Алматыда «Мұнай және газ»/KIOGE-2014 көрмесі шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармайдың бұл партиясын үлкен шығынмен әкеліп отыр.