Қостанай облысында сайлаушылардың басым бөлігі С.Бектұрғановқа дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында сайлаушылардың басым бөлігі С.Бектұрғановқа дауыс берді

Қостанай облысында сайлаушылардың басым бөлігі С.Бектұрғановқа дауыс берді

Қостанайда Сенат депутаттығына үміткер Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Бектұрғанов сайлаушылар дауысының басым бөлігін жинады.

  • 1 Қазан 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz


Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың хабарлауынша, ҚР Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ретінде үш адам тіркелген.

Сайлауға 290 сайлаушы қатысты. Төрт депутат белгілі бір себептерге байланысты дауыс беруге келе алмады. Өз дауыстарын С.Бектұрғановтың пайдасына сайлаушылардың басым бөлігі — 240 адам берді. Сайлау бюллетеньдерінің ешқайсысы жарамсыз деп танылмады.

Сайлау барысын саяси партиялар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ екі ТМД бақылаушысы қадағалады.

«Қазақстандағы сайлауға мен бірінші рет келіп тұрмын. Жұмыстың анық және сауатты өткенін атап өткім келеді. Жалпы сайлау процедурасын кәсіби тұрғыда ұйымдастырылған деп баға беруге болады. Дауыс беру мен қорытынды жасауға қатысты біздің миссиямыздың тарапынан ешқандай ескерту жоқ», — деді ҚазАқпарат тілшісіне ТМД бақылаушылар миссиясының өкілі Артем Миронов.

Сайлаудың нақты қорытындысы Орталық сайлау комиссиясында сайлау өткізілгеннен кейінгі жеті күн ішінде жасалады.