ОҚО-да Сенат депутаттығына сайлауда Ә.Бектаев басым дауысқа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да Сенат депутаттығына сайлауда Ә.Бектаев басым дауысқа ие болды

ОҚО-да Сенат депутаттығына сайлауда Ә.Бектаев басым дауысқа ие болды

ОҚО-да ҚР Парламентінің Сенатына депутаттар сайлауында дауыстың басым бөлігін Әли Бектаев жинады.

  • 1 Қазан 2014
  • 731
Фото - Caravan.kz

ОҚО әкімі орынбасарының ҚР Парламенті Сенатына депутаттар сайлауында көп дауыс жинағаны жайлы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов хабарлады.

«Оңтүстік Қазақстанның 238 депутаты Әли Бектаевқа дауыс берді. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Барлығы сайлауға 312 депутаттан 307-і қатысты», — деп хабарлады ол.

ҚР Парламенті Сенатына бастапқыда ОҚО-дан 5 үміткер тіркелген. Кейін олардың үшеуі өз қалауларымен кандидаттықтан бас тартты.

Бақылаушылар ОҚО-дағы сайлауда ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын айтты.