Алматыда жылыту маусымы 15-қазан күні басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жылыту маусымы 15-қазан күні басталады

Алматыда жылыту маусымы 15-қазан күні басталады

Ауа райының қандай болғандығына қатыссыз Алматыда кезекті жылыту маусымы 15-қазан күні басталмақ.

  • 1 Қазан 2014
  • 626
Фото - Caravan.kz

Сәйкесті қаулыға сәрсенбіде Алматы әкімі Ахметжан Есімов қол қойды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

"Биыл орташа тәуліктік норма нормативтен (+8°) жоғары болғанның өзінде жылыту маусымы 15-қазан күні басталады. Денсаулық сақтау, білім нысандарына жылу одан да ертерек беріле бастайды", деді А.Есімов 2014-2015 жылдардағы күзгі-қысқы маусымға арналған қала шаруашылығының дайындығы туралы жиналыста.

Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов жиналыста бүгінгі күнге қарағанда энергия көздері мен инженерлік желілердің дайындығы 100%, тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының техникалық дайындығы 100% құрайды, деп атап өтті.

Жиын барысында сондай-ақ тариф құрау, оның ішінде энергоресурстарға қатысты тариф құру мәселесі сөз етілді.


"Мен премьер-министрдің атына Қапшағай ГЭС жекелеп жекешелендіруге болмайтындығы туралы хат жолдадым. Алматы қаласының әкімшілігі оған мүлдем қарсы. Ондай шешім электр энергия тарифтерінің артуына әкеп соғуы ықтимал", деді А.Есімов.