Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Я уже несколько раз обращал внимание, что на Каспий может быть нормальный морской туризм. По моему указанию «КазМунайГаз», в свое время в Кендерлях построил кое-что. Там нефтяники отдыхают, я тоже там был. На этом все и остановилось.
Елбасы айтқан «Кендірлі» демалыс аймағы әу баста заманауи үлгідегі, жоғары сапалы қызмет көрсететін орталық болады деп күтілген еді. Бірақ жоба қағаздағы құр қиял күйінде қалған. Алайда бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында есеп берген жергілікті атқамінерлердің сөзіне қарағанда, жұмыс қайта жандаған көрінеді. Тіпті шетелдік бір ірі компаниямен келіссөз де жүргізіліп жатыр екен. «Кендірліге» 5 жұлдызды қонақ үйден бөлек, әуежай да салу да қарастырылыпты. Дегенмен, бұл сөзге Елбасының көңілі толмады. Сондықтан ол істі сағызша созбай, туризмі әлдеқашан дамып кеткен елдерден үлгі алуға кеңес берді. Сөйтіп, Президент аталған жобаның техникалық-экономикалық жоспарын 2 ай ішінде алдына әкелуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Надо правительству подключиться. Заинтересовать инвесторов. Вот я министру Есекешеву, и «Самрук-Казына» Шукееву, акиму области, совместно создайте рабочую группу и внесите мне предложение по Кендерли и других привлекательных зон по туризму, обсудив в правительстве. Даю на это 2 месяца.